Еуропаның қақ ортасында Шәмшінің «Арыс жағасында» әнін орындаған шетел музыканттары елді сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал продюсер Ерғали Әбдірайымов бұл видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.
Көше музыканттары баянмен «Арыс жағасында» әнін орындайды.
«Қазақтың əндері керемет қой! Біздің әндер шетелдерде, жалпы кез келген жерде орындалып жатса, олардың құдіреті күшті болғаны да», — деп жазды продюсер вилеоның астына.
Мұны естіген желі қолданушылары қатты толқып, Шәмшінің қазақ ән өнеріне қосқан зор үлесіне риза болысты.
Олар шетел әншілеріне деген құрметін білдіріп, видео авторына да алғыс айтты.