Site icon KAZAKBOL

Шіркеу қызметкері әйелдің жынын қуамын деп оны отқа салып, өртеп жіберді

Фото:укроп.org

Никарагуада орналасқан бір елдімекенде адам естімеген жағдай орын алды. Шіркеу қызметкері әйелдің ішіне кіріп кеткен жынды шығармақ болады. Алдымен оны жанып жатқан отқа салып, содан соң жарға итеріп жібереді, деп хабарлайды батыс басылымдарына сілтеме жасап NUR.KZ.

Осының нәтижесінде 25 жастағы әйелдің денесі 80%-ға күйіп қалған. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Ұсталған бес күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Никарагуаның кейбір аймақтарының тұрғындары психикалық ауытқушылығы бар адамдарды ішіне жын кірген деп ойлайтынын айта кету керек.  Сондықтан олар қазіргі медициналық емді назарға алмай, шіркеуге барғанды жөн көреді.

Exit mobile version