Site icon KAZAKBOL

Шольц: неміс әскери техникасы Ресейге қарсы шабуылға қолданылмауы тиіс

Украина Германиядан жеткізілген әскери техникаларды Ресей аумағына қарсы шабуылға қолданбауы тиіс. Осылай деп Германия канцлері Олаф Шольц мәлімдеді.

Герман үкіметінің басшысының айтуынша, Киевке дәл осындай талаптарды өзге де Батыс елдері қойған.

Шольцтің сөзінше, Украинаға көмек беру маңызды, бірақ бұл НАТО-ның қатысуымен апаратын қақтығысқа алып келмеуі тиіс.

Құрама Штаттар да америка қару-жарағы халықаралық деңгейде мойындалған Ресей аумағына қарсы қолданылмауы тиіс деп ресми мәлімдеді.

Мәскеу осыған дейін егер Қырымға шабуыл жасалатын болса, қарудың барлық түрін қолдануға дайын екенін мәлімдеген.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға уәде етілген әскери техниканың 98 пайызын жібергенін мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version