Site icon KAZAKBOL

Шымкент қаласының полицейлері бес күнде жеңгетайлықтың 10 жайты мен притондар ұйымдастыру және ұстаудың, сондай-ақ 42 жеңіл жүрісті әйелді анықтады

фото Пресс-службы Департамента полиции г. Шымкент

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен «СТОП-ТРАФИК» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Полицейлер жеңгетайлықпен байланысты қылмыстарды, жезөкшелікпен, адам саудасымен айналысуға притондар ұйымдастыру және басқа да құқықбұзушылықтарды алдын алу, анықтау мақсатында қала аумағындағы сауна, қонақүй, жалдамалы пәтерлерге рейдтік іс-шара өткізген.

Ағымдағы жылдың 22-26 қараша аралығында қалада жезөкшелік, жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстаудың 10 жайты анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісудің 2 жайты тіркелген.

42 қыздың ақшаға интимдік қызмет көрсеткені анықталды. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Айыптылар тиісті жазаларын алады.

 

Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Exit mobile version