Site icon KAZAKBOL

Шымкент қ. полицейлері ұрланған ұялы телефонды «ізін суытпай» анықтады

Иллюстративное фото

Ағымдағы жылдың 29 қазанында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекші ауданының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері істің ізін суытпай күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188 «Ұрлық» бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға өз мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау бойынша шара қолдану қажеттілігін ескертеді. Қылмыскерлердің назарына түспеу үшін көлік ішінде құжаттар, ақша және басқа да бағалы заттарды қалдырмағаныңыз жөн. Автокөлігіңізді міндетті түрде құлыптап, күзет дабылын орнатып, қорғалатын автотұраққа қойыңыз.

Егер, Сіз, осындай қылмыстың құрбаны немесе куәсі болған жағдайда, тез арада «102» сымтетігі арқылы полиция қызметкерлеріне хабар беріңіз.

Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі

Exit mobile version