Site icon KAZAKBOL

Шымкент тұрғыны әйелге араша түскен жасөспірімді пышақтап тастады

Оқиға орнынан фото Baq.kz-тен алынды

Шымкент қаласының полицейлері жасөспірімнің денсаулығына ауыр зиян келтірген күдіктіні ұстады деп хабарлайды Baq.kz.

23 маусымда Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ кезекші бөліміне 2000 жылы туған жасөспірім облыстық клиникалық ауруханаға кеуде тұсынан жараланып түскені туралы хабар жеткен.

22 маусымда сағат 22.00 шамасында Қайнарбұлақ саяжайы аумағында Достық пен Мичурин көшелерінің қиылысында ерлі-зайыптылар арасында кикілжің болған. 1985 жылы туған Сайрам ауданының тұрғыны әйелін соққыға жыққан.


Оқиға орнынан фото Baq.kz-тен алынды

Сол сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан жасөспірім әйелге көмектеспек болады. Ер адам араша түскен жасөспірімнің кеуде тұсына пышақ сұғып, белгісіз бағытқа ізін суытқан.

Exit mobile version