Site icon KAZAKBOL

Шымкентте 10-сынып оқушысының бұзақылығынан 41 адам зардап шекті

Емханадағы бала. Көрнекі фото: 112.ua

Шымкенттегі №55 мектепте газ баллонын шашу салдарынан 41 адам зардап шекті деп хабарлады ҚазАқпарат.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, Абай ауданында Шымкент қаласының №55 мектебінен уланғандар туралы ақпарат түсті. 33 оқушы мен 5 мұғалім және техникалық жұмысшы көздерінен жас ағып, бастары ауырып, тамақтары жыбырлағандарын айтып шағымданған. Полицейлер баллонды 10-сынып оқушысы шашқанын анықтады.

Жасөспірім баллонды көшеден тауып алған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда полицияда газ баллонын ұстау заңға қайшы болып саналмайтынын атап өтеді.

Exit mobile version