Site icon KAZAKBOL

Шымкентте 50 жастағы ер адам 13 жасар қыз балаға азғындық әрекеттер жасады

Көрнекі сурет: srnsk.ru

Шымкент тұрғыны кәмелетке жетпеген қыз балаға тиіскені үшін тұтқындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ОҚО прокуратурасының хабарлауынша, 50 жастағы ер адамды тұтқындауға Қаратау аудандық соты санкция берген.

Азғындыққа күдікті адамды екі айға тергеу абақтысына отырғызды. Ол туралы көңілдесі шағым жазған. Әйелдің айтуынша, ер адам ол үйде болмаған кезінде немере қызын айналдырып, 13 жастар ұйықтап жатқан қызды қолына көтеріп, өзінің жатын бөлмесіне әкеп, оған азығындық әрекеттер жасаған.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 1 бөлімі 124-бабы бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Exit mobile version