Site icon KAZAKBOL

Шымкентте ер адамды айуандықпен пышақтап өлтіріп кетті

Фото: ТВК

 Шымкентте ер адамды айуандықпен пышақтап өлтіріп кетті деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға 28 қараша күні болған. Шамамен сағат кешкі 21.30 шамасында полиция бөліміне көп қабатты үйдің кіреберісінде қанға боялған ер адамның жатқаны жайлы қоңырау Байтұрсынов көшесінен түскен.

Оқиға орнына әл-Фараби полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жеткен.

Оқиға орнынан фото: ТВК арнасы

Ер адамның денесі үшінші қабатта жатқан. Айналасының бәрі қан. Ер адам көптеген пышақ жарақатын алғаннан кейін қаза болғанға ұқсайды. Ол бұл жарақаттарды пәтерінде ме, болмаса көпқабаттың үйдің кіреберісінде алды ма ол жағы белгісіз.

Ресми емес ақпарат бойынша, ер адамның жасы 42-де.

Exit mobile version