Site icon KAZAKBOL

Шымкентте оқушы қыздар жаппай төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Көрнекі фото: chto-proishodit.ru

Шымкентте қала мектептерінің оқушы қыздары жаппай төбелесіп, салдарынан 2001 жылы туған қыз пышақ жарақатын алып ауруханаға түскен. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 5-ші желтоқсан күні сағат кешкі 18-00 шамасында болған. Тергеу тобы анықтағандай олар 1998-2002 жылғы жас аралығындағы жасөспірімдер.

Анықталғандай, олар интернетте өзара хат жазысып, сөзге келісіп қалады. Мұнан соң жастар белгіленген жерге кездесу ұйымдастырып, соңы төбелеске ұласқан.

Бір-біріне жұдырық ала жүгірген қыздардың бірі екінші және үшінші қол саусақтарының зақымдалған сіңірі мен кесілген жарасы диганозымен ауруханаға жеткізілген.

Exit mobile version