Site icon KAZAKBOL

Шымкентте қыз зорлады деп сотталған жігіттің келіншегі төрт баласын тастап кетпекші

Фото: youtube-тен  скриншот

Шымкентте сот үкімімен келіспеген ана төрт баласын сот ғимаратының алдына тастап кетпек. Келіншектің күйеуі қыз зорлады деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оның бұл мәлімдемесі YouTube желісінде пайда болды.

«Менің күйеуімнің мүлде кінәсі жоқ. Кінәсіз күйеуімді қамап отыр. 10 жылға үкім оқыды. Төрт баламмен мен қалай күн көрем? Қалай асыраймын төрт баламды?», — деп көз жасына ерік берді ол.

Оның айтуынша, күйеуінен ешқандай айғақ таппаған.

«Неге онда менде хламидия жоқ, неге қыздың бір инфекциясы жұғып, екіншісі жұқпай қалған?», — деген келіншек күйеуінің кінәсіз екеніне сенімді.

Ол Шымкент қалалық сотының алдына төрт баласымен бірге келген.

«Қалай асыраймын мен балаларды? Тастап кетемін осы жерге», — дейді ызаға булыққан әйел.

Nur.kz

 

Exit mobile version