Site icon KAZAKBOL

Шымкентте жезөкшелерді бөлісе алмаған 4 еркек төбелес шығарды (фото)

Шымкентте пәтер жалдап, көңіл көтермек болғандардың әрекеті қисынсыз аяқталды деп хабарлайды ТВК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айбергенов көшесінде бірнеше сағатқа пәтер жалдаған «көңілді топ» көршілерді ұйқысынан айырды. Көңіл көтеру үшін жеңіл жүрісті 2 қызды  ерітіп келген 4 жігіт кейін төбелес шығарған. Ал айғай-шудан жалыққан көршілер тәртіп сақшыларына хабарлапты.

Ішімдікке тойып алған қыздар мен жігіттерді арашалау үшін полицейлер келген. Шамасы, мас еркектер 2 қызды өзара бөлісе алмаған.

Бүгінде аталған алты адамға қатысты полиция тергеу жүргізуде.

 

Exit mobile version