Site icon KAZAKBOL

Шымкенттік келіншек күтпеген жерден той үстінде босанып қалды

Шымкентте келіншек той үстінде босанып қалды деп хабарлайды Stan.kz.

Нақтырақ айтқанда, Шалқар Бақберген есімді «Алғабас» ауылының тұрғыны келін түсіріп, қазақы салт бойынша беташар жасайды. Осы той үстінде сол шаңырақтың тағы бір жүкті келінінің толғағы келіп қалып, босанған.

Дәрігерлер келіншектің босануына әлі уақыт бар деген соң, ол еш алаңсыз үй шаруасын атқарып жүріпті. Қуанышқа орай, медициналық қызметкерлер келемін дегенше, қайын інісі босандырып алған.

Той үстінде дүниеге келген сәбиге Тойлыбай есімі берілген.

Exit mobile version