Site icon KAZAKBOL

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Полиция көлігі. Фото: Отырар

Шымкентте полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады. Жақында ғана облыс әкімі сыйлаған су жаңа көлікке мінген инспекторлар түнгі сағат 11 шамасында соғысып қалды деп хабарлайды «Отырар».

Киа арнайы көлігі Рысқұлов көшесінің бойында цемент таситын көлікпен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жол апатының салдарынан полиция көлігінде болған екі адамды ауруханаға әкетіпті.

Еске салайық, 7 қыркүйек күні су жаңа 75 Киа көлігін өңір әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырған еді.

Exit mobile version