Site icon KAZAKBOL

Шымкенттік жастар суықта қар күрегендерді ыстық шаймен қуантты (фото)

Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар орталығы жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің мүшелері коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысымен танысып, күн суықта тоңып жүрген жұмысшыларға ыстық шай таратты.

Шымкенттік жастар күн суықта қар күреп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жұмысшыларға ыстық шай таратып қуантып тастады, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ  тілшісі.

Еріктілердің бірі Гүлзия Өмірзақованың айтуынша, жастар алғашында мұндай қадамға бармас бұрын кішкене қобалжыған екен.

«Біздің әрекетімізді қалай қабылдар екен? Ұят боп қалмай ма? Жекіп тастамай ма?» деген секілді ойлар болды алғашында. Біз олардың жұмысының ауыр екенін түсінеміз, сондықтан да кішкене болсын өз көмегімізді тигізгіміз келді. Ол кісілер біздің әрекетімізді қуана қабылдап, алғыс айтып, тіпті баталарын да берді», — деді студент Гүлзия Өмірзақова.

Жас буын Өмірзақова мұндай қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады деп сендірді. Енді тек қана шай емес, жеңіл-желпі тіскебасар да тарату көзделіп отыр екен.

Exit mobile version