«Мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерді кезексіз алып беремін» деп алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Кезекті оқиға Шымкент қаласында орын алды.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір жылдан бергі танысы «кезексіз пәтер алып беремін» деп, алдын ала 660 000 (алты жүз алпыс мың) теңгесін алып, үш ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ер адамның жасы — 33-те, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі