Site icon KAZAKBOL

Шымкент полицейлері үш баланың әкесін ажалдан арашалап қалды

Түнгі сағат 3:00-де полицияға «102» арнасы арқылы отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту бойынша көрсетілген мекен-жайға Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің кезекші инспекторлары Оралбек Тәшімбетов пен Бақтияр Орынбаев барды.

Полицейлерді үй иесі қарсы алып, күйеуінің сарайға қарай бет алғанын жеткізген. Оралбек бірден оны іздеуге кірісті. Ал, әріптесі әйелмен және үш жас баламен қалып, істің мән-жайын сұрастырған.

Артынша тәртіп сақшысы сарайда малды байлайтын арқанға ілінген үй иесін тапты. Ер адам тұншығып қалыпты. Ташимбетов оны жедел көтеріп, серіктесін көмекке шақырады. Бахтияр арқанды пышақпен кесіп тастайды. Полицейлер ер адамды жерге қойып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Содан кейін ол өзіне келді.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, полицейлер кем дегенде бірнеше секундқа кешігіп қалса, азаматты құтқару мүмкін болмас еді.
Белгілі болғандай, 27 жастағы қала тұрғыны тұрмыстық мәселелерге байланысты осындай қадамға барған.

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Exit mobile version