Site icon KAZAKBOL

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық мереке ұйымдастырды

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері №4 балалар үйіне арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында полицейлер балаларды сыйлықтармен қуантты. Өз кезегінде балалар қонақтарға жаңа жылдық концерттік бағдарлама қойды. Тәртіп сақшылары мен балалар шыршаны айнала жүріп, мереке көркін қыздырды.

Балалар үйінің қызметкерлері және балалар полицейлерге керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді.

Айта өтетін ақпарат, департаменттің жеке құрамы аталған балалар үйіне ұдайы түрде қамқорлық танытып, көмек көрсетеді.

Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі

Exit mobile version