Site icon KAZAKBOL

Шымкент: Полиция қызметкерлері жоғалған баланы тауып, жақындарына табыстады

Жеті жасар бала сабақтан шығып, автобусқа мініп, өз аялдамасынан адасып қалған. Бұл туралы оның ағасы 23-ақпан күні сағат 17:00 шамасында Жедел басқару орталығының «102» арнасына хабарлаған.

Аталған жайт бойынша Тұран АПБ қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларын ұйымдастырып, сол аумақтағы ойын алаңдары мен көшелерді біртіндеп аралады. Тәртіп сақшыларының жедел жұмыс атқаруының нәтижесінде, бір сағаттың ішінде бала автобустардың бірінен табылды.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлерінің сапалы қызметіне риза болған баланың ағасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Exit mobile version