Site icon KAZAKBOL

Өскемен тұрғыны 83 жастағы туған анасын үскірік аязда далаға қуып шықты

Зейнеткер. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Өскемен тұрғыны туған анасын үскірік аязда далаға қуып шыққан. Егер бейтаныс жандар 83 жастағы қартқа көмек көрсетпегенде, кейуананың қыстың қаһарлы күндерінде аман қалуы екіталай еді деп хабарлайды 31 арна.

Әлеуметтік-психологиялық көмек беретін күйзеліс орталығында жатқан сексен үш жастағы Анна Лошкарева үшін жүріп-тұрудың өзі қиын. Өйткені бірнеше күн бұрын туған ұлы аяусыз ұрып, үйден қуып шыққан.

Қыстың қырық градус аязында далада қалған кейуана бойын жылытпақ болып дүкенге кіреді. Зейнеткердің жағдайын көрген дүкен қызметкерлері тәртіп сақшыларын шақыртады. Полицейлер қартты бірден осы орталыққа орналастырған.

«Кішкене қызып алған ұлым мені жатқан жерімнен сүйреп, тұншықтыра бастады. Теуіп, ұрып, «сені пышақтаймын» деп айғайлады», — дейді Лошкарева.

Өскемендегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін күйзеліс бөлімшесі он жылдан бері қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектерге жәрдем беріп келеді.

Exit mobile version