Site icon KAZAKBOL

Солтүстік Корея атмосферада ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді

Солтүстік Корея «Жер-жер» класындағы тактикалық баллистикалық зымыран қолданып, ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, жарылыс Пхеньянның шығыс жағында болған. Шартты нысана ретінде Хамгён-Пукто провинциясының теңіз жағалауы көзделген. Ядролық жарылыс имитациясы 500 метр биікте жасалған.

Жапония қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран атты деп хабарлағанын Kyodo атап өткен. Зымырандар 350 шақырымға дейін, максимум 50 шақырым биікте ұшқан.

Жыл басынан бері Солтүстік Корея осымен онынша рет зымыран ұшырып отыр. Оның сегізі — баллистикалық зымыран.

Источник

Exit mobile version