Site icon KAZAKBOL

Солтүстік Корея басшысының әпкесі Джо Байден әкімшілігіне «кеңес» берді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ықпалды әпкесі АҚШ-қа Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізбеуге кеңес берді.

Солтүстік Кореядағы ақпарат құралдары Ким Е Ченнің мәлімдемесін таратты. Бір күннен соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бастаған америкалық делегация Сеулге келуі тиіс.

«Осы сәтті пайдалана отырып, АҚШ-тың жаңа әкімшілігіне мұхиттың арғы жағынан біздің жерімізге келіп, оқ атпауға кеңес бергім келеді. Әкімшілік алдағы төрт жыл тыныш өтсін десе, бұл райынан қайтқаны жөн», — деген Ким Е Чен. Оның бұл мәлімдемесін «Нодон Синмун» газеті басты.

Бұның алдында АҚШ үкіметі бірнеше апта бойы Пхеньянмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға талпынғанын мәлімдеген. Солтүстік Корея Вашингтонда билік ауысқанын мойындайтынын әлі мәлімдеген жоқ, деп хабарлады Би-би-си.

Сайлауалды науқаны барысында Джо Байден Кимді «банды» деп атаған.

centralasian.org

Exit mobile version