Site icon KAZAKBOL

СССР халық әртісі, дума депутаты Иосиф Кобзон өмірден өтті

Иосиф Кобзон

Иосиф Кобзон

Советтік және ресейлік әнші, қоғам қайраткері, СССР халық әртісі Иосиф Кобзон Мәскеуде 81 жасында өмірден озды. Бұл ақпаратты «Интерфакс» агенттігіне марқұмның әйелінің көмекшісі растаған.

2005 жылдан бері Кобзонға қатерлі ісік диагнозын қойған. Соңғы айларда оның жағдайы күрт нашарлаған. Ол 26 шілдеде ауруханаға жатқызылған, бірақ 7 тамызда үйіне шығарылған.

Кобзон эстрадалық қызметінен бөлек, Гнесины атындағы мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтта дәріс берген.

1990 жылы ол СССР-дің Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. 1997 жылдан бері Ресей мемлекеттік думасының депутаты.

2014 жылдың наурыз айында Иосиф Кобзон Қырымға қатысты Ресей президентінің саясатын қолдау жөніндегі үндеуге қол қойған. Өздерін өздері жариялаған Донецк пен Луганск республикаларына бірнеше рет барып, сепаратистерге қолдау көрсеткен. Еуропалық одақ, АҚШ, Канада және Украина Кобзонды аталған елдерге кіруге тыйым салатын санкциялық тізімге енгізді.

centralasian.org

Exit mobile version