Site icon KAZAKBOL

Стамбұлда танымал түркімен блогері ұсталды

Стамбұлда танымал түркімен блогері, белсенді Фархат Дурдыев деген атпен танымал Фархат Мейманкулиев ұсталды.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы Фархат Стамбұлдағы пәтерінде ұсталған. Стамбұлдағы Түркіменстанның консулдығы оған қарсы полицияға шағым түсірген.

«Бірнеше күн бұрын әлдебір адамдар оның ізінен түскені белгілі болды. Фархат өзінің YouTube-каналында бұл мәселені көтерді. Ол көлігіне GPS орнатылғанын айтқан. Оның ойынша, бұл қондырғыны консулдық өкілдері қойған», — дейді түркімен белсендісі Аннаев.

Соңғы мәлімет бойынша, ол депортация орталығында отыр. Сенбі күні Түркияның құқық қорғаушылары тағайындаған адвокат онымен кездескен.

2021 жылы Фархат Дурдыев Стамбұлдағы түркімен консулдығы алдында өткен наразылық шарасы кезінде соққыға жығылған. Тек түрік полиция қызметкерлері оны арашалап алып қалған. Бұл іске қатысты қозғалған іс сол күйі тоқтап қалды.

Фархат Дурдыев түркімен билігінің саясатын ашық сынап келе жатқан белсенділердің бірі.

Источник

Exit mobile version