Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан президенті дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдады

Елінде экономикалық дағдарыс барын мойындамай келген Түркіменстан президенті оған қарсы тұру бағдарламасын қабылдады. Мұны әкесіне ұлы, вице-премьер Сердар Бердімұхамедов таныстырды.

«Әлемдік экономикада болған қиыншылықтардан ел экономикасына зардабын азайту және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» жөніндегі жоба 3 желтоқсанда үкіметтің кеңейтілген отырысында таныстырылды. Оған президент қол қойды.

Жергілікті ресми басылымдар мұны «антикризистік бағдарлама» деп атап жатыр. Бес жылдан астам халқы экономикалық ауыр жағдайды басынан өткеріп келе жатқанымен ел үкіметі мен президенті бұл терминді бірінші рет қолданып жатыр.

Источник

Exit mobile version