Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан Түркі елдері ұйымына мүше болады

Түркіменстан халық маслихатының төрағасы Гүрбанғұлы Бердімұхамедов 16 наурызда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысып, Түркіменстанда да осы ұйымға мүше болады деп мәлімдеді.

«Енді Түркіменстан ТМҰ-ға бақылаушы емес, оның мүшесі ретінде қатысады», — деді Бердімұхамедов. Халық мәслихаты басшының мәлімдемесін Түркіменстан мемлекеттік агенттігі таратты.

Ол Түркия президентін Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуды қолдаған.

Бердімұхамедов Ердоғанмен 22 жылдан бері араласатынын айтып, оны әлемдік деңгейдегі саясаткер, өз елінің ғана емес, бүкіл мұсылман қауымының мүддесін қорғайтын ірі тұлға деп сипаттады.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2000 жылдан бері түрік инвесторлары Түркіменстанда 110 миллиард доллардың жобалары мен жұмыстарын жүзеге асырған.

Источник

Exit mobile version