Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан украин еліне гуманитарлық көмек жібереді

Караван с гуманитарной помощью Туркменистана Афганистану. Декабрь, 2021.

Түркіменстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету ниетін жеткізді.

Түркіменстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, украин еліне гуманитарлық көмек сәуір айының аяғына дейін жөнелтіледі.

«Түркімен елінің гуманизм салтына сәйкес, Түркіменстан украин халқына сәуірде гуманитарлық көмек жібереді», — делінген мәлімдемеде.

Ақпаратқа қарағанда, гуманитарлық жүк дәрі-дәрмектерден және тоқыма бұйымдардан тұрады.

Түркіменстан Ресейдің Украинаға шабуылын айыптаған БҰҰ-ның резолюциясына дауыс берген емес. Мемлекеттік ақпарат құралдары Украинадағы соғыс жайында хабар таратпайды. Мәскеуге енгізілген санкциялардан кейін түркімен билігі Ресейге экспортталатын өнімдерді арттырып жатыр.

Источник

Exit mobile version