Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда азық-түлік қымбаттап жатқан тұста, наразылар қуғындалып жатыр

Түркіменстанда субсидияланған азық-түліктерді жеткізу біртіндеп жойылып, тауар бағасы қымбаттап жатыр. Осы кезде наразылық білдірген адамдар жауапқа тартылып жатыр.

Жаңа жылдан кейін арзандатылған азық-түлік уақытында берілмей жатқанына наразылық білдірген адамдарды бірден полиция бөлімшесіне алып кетіп жатыр. Оларға қылмыстық жауапқа таратамыз деп ескертіп жатқан көрінеді.

Бір ай бұрын бір топ белсенділер сауда министрлігіне арыз жазған.

Онда зейнеткерлерге арзандатылған азық-түлік беруден бас тартып жатқаны, сатушылардың таразыдан алдап жатқаны, дүкендерде төлем карталардың қабылдамай жатқаны айтылған.

Жыл басында ел үкіметі зейнетақы 10 пайызға көбейетінін жариялаған. Ресми мәлімет бойынша, қаңтар айынан бері ең төменгі зейнетақы 410 манат болған. Орталық банктің бағамымен есептегенде, 410 манат 117 доллар болады.

Источник

Exit mobile version