Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда түлектерді мектептен әскерге алып кеткен

Ашхабад (иллюстративное фото)

Ашғабад мектептерінде 18 жасқа толған оқушылар бітіру емтихандарынан кейін полицияның жетектеуімен дереу әскери бөлімдерге жеткізілген. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Ақпаратқа қарағанда, 15 маусымда бас қаладағы №15 мектепке полиция және әскери комиссариаттардың өкілдері барған. Олар әскерге шақыру алған 18 жасқа толған түлектерді емтиханға бірінші кіргізіп, одан шығарып, бірден әскерге алып кеткен.

Радио тілшісінің айтуынша, мұндай жағдай Ашғабадтағы басқа мектептерде де болған.

Түркіменстанда мектеп бітірушілерді бірден әскерге алып кету тәжірибесі соңғы жылдары жүйелі түрде қолданылып келеді. Осыған дейін 18 жасқа толған жігіттерді өлкеге ұшып келген бетте, әуежайдан әскерге алып кеткен оқиғалар тіркелген.

Источник

Exit mobile version