Түркия мен Сирия шектесетін аймақта зілзаладан құрбан болғандардың саны 2300-ден асты.
6 ақпанда кешкісін таратылған ресми мәліметте айтылғандай, қайтыс болғандар саны Түркияда 1500-ге, Сирияда 800-ге жақындады.
Түрік билігі 5000-ден көп адам зардап шегіп, 3000-дей ғимарат қирағанын хабарлады.
Сирияда да көптеген құрылыстар бұзылған. Дамаск мен Латакияда да ғимараттар құлаған. Зілзала толқыны Ливан, Ливия, Грузия, Арменияда да тіркелген.
Жер сілкінісі салдарынан Түркияның Газиантеп қаласында Хетт патшалығы кезінде салынған тарихи ғимарат бұзылды. Сирияда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Алеппо қорғаны да зардап шеккен.
НАТО-ға, Еуроодаққа мүше және басқа 45 мемлекет Анкараға көмек қолын созды. Арасында Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Украина, Ресей бар.
Сирияға Иран, Ресей, Германия, Франция секілді бірқатар көмектесетінін жеткізді.
Түркия мен Сирия шектесетін аймақта 6 ақпанда таңға жуық күші 7,8 баллға жеткен зілзала болды. Түске қарай күші 7,5 баллға жеткен толқу тағы қайталанды.