Site icon KAZAKBOL

Түркияда қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 600-ге жуық адам тергеліп жатыр

Түркияда 6 ақпан күнгі жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен 182 адам қамалған, 400-ден астам адам күдіктілер қатарына енгізілген.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, тергеуге ілінгендердің басым бөлігі – құрылыс компаниясының өкілдері мен ғимарат иелері. Түркия әділет министрі Бекир Боздагтың сөзіне қарағанда, қылмыстық істер қозғауға қирағат ғимараттардан табылған айғақтар негіз болып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттар мен орындарды салған кезде мемлекеттік стандартқа сәйкес емес сапасыз құрылыс материалдары қолданылған болуы мүмкін.

Түрік билігі сонымен бірге жер сілкінісінен кейін болған ұрлау-тонау фактілеріне қатысты да тергеу жүргізіп жатыр. Ол істер бойынша шамамен 200 адам қамалған.

7,8 магнитудалы жер сілкінісі 6 ақпанда болды, одан кейін де бірнеше рет жер сілкінді. Қаза болғандар саны 50 мыңнан асты.

Источник

Exit mobile version