Site icon KAZAKBOL

Тәжік парламенті алтын өндіретін ірі кәсіпорынды салықтан босатты

Иллюстративное фото

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары «Зарафшон» тәжік-қытай бірлескен кәсіпорынын салық төлеуден босатты. Бірлескен компания елдің солтүстігінде жаңа металлургия кәсіпорынын салады.

Мәліметтерге қарағанда, бірлескен кәсіпорын «Тарор» мен «Жилав» алтын кендерін игереді.

Келісімге сәйкес, зауыт құрылысына 117 млн доллар бөлінеді. Оның 30 пайызы тәжік үкіметіне, қалған 70 пайызы «Зарафшон» бірлескен кәсіпорынына тиесілі болады.

Зауыт 2023 жылдың аяғында ашылады деп жоспарланған. Кәсіпорын жылына 165 мың тонна концентрат шығарады.

Пенжикент тұрғындары алтын зауыты жергілікті экологияға кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. 2019 жылғы желтоқсанда Хумгарон ауылының тұрғындары кен өңдеу полигонын салуға қарсы шықты. Бірақ жергілікті билік өндірістің қоршаған ортаға зияны жоқ деп отыр.

29 желтоқсанда жобаны талқыланған парламент депутаттары «Зарафшон» басшылығына жаңа кәсіпорын құрылысы кезінде экология қауіпсіздігін сақтауға кеңес берді.

Источник

Exit mobile version