Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан Қырғызстанның ұсталған үш азаматын еліне берді

Тәжікстанда ұсталған қырғызстандық үш азамат еліне қайтарылды. Тағы үш қырғыз азаматы жақын күндері еліне қайтарылады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитетке (ҰҚМК) қарасты Шекара қызметі хабарлады.

26 қарашада Шекара қызметінің өкілдері тәжікстандық әріптестерімен кездескен. Нәтижесінде Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматтарын қайтару жайында келіскен.

Тараптар Қырғызстан аймағында қамалған екі тәжік азаматын қайтару бойынша да келісімге келген. Келіссөз барысында Орталық — Арка (Худжант — Канибадам) жолы бойындағы құрылыстарды тоқтату мәселесі де көтерілген.

Сонымен бірге Сүлүктү — Пролетарск темір жолын бұзу бойынша Қырғызстанның Лейлек және Тәжікстанның Ганчин ауданының жетекшілері деңгейінде келіссөз жүргізу жайында сөз болған.

Қазір Тәжікстанда шекараны заңсыз кесіп өтті деген негізде Қырғызстанның оншақты азаматы ұсталып отыр. Олардың арасында төрт азамат 2,5-5 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Лейлек аудандық соты ұлты тәжік үш қырғыз азаматын 15 жылға еркінен ажыратқан. Олар жаздағы қақтығыс кезінде үйді тонады деп айыпталған.

Биыл көктемде қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, екі тараптан да адам өлімі болды. Ондаған адам жарақат алып, үйлер өртенді.

Источник

Exit mobile version