Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан Өзбекстанмен шекарасын 15 наурызда толық ашады

На таджикско-узбекской границе (Спитаменский район)

Тәжікстан Өзбекстанмен арадағы шекарасын 15 наурыздан бастап толық ашады. Көрші елдер арасындағы шекара 2020 жылғы сәуірде коронавирус пандемиясына байланысты ресми түрде жабылған.

Тәжікстанның COVID-19-бен күрес штабының хабарлауынша, шекарадағы бақылау-өткізу бекеттері «қалыпты жұмыс режиміне көшті».

Республикалық штаб мәліметінше, Тәжікстанға кіру ережелері жұмсарды. Атап айтқанда, Тәжікстан азаматтары мен шетелдіктер Тәжікстан аумағына вакцина туралы куәлікпен кедергісіз кіре алады. Бұнң алдында ел аумағына кіргендер жаңадан тексерілуге мәжбүр болған.

Штабтың хабарлауынша, мұндай шешім Тәжікстан аумағында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қабылданған. Сонымен бірге, Тәжікстан Өзбекстанмен байланысын нығайта түсуді көздейді.

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында 16 шекара бекеті жұмыс істейді.

Источник

Exit mobile version