Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарашылары кездесіп, бейбіт келісімге келді

Подписание протокола по итогам встречи рабочих групп двух стран. 12 марта 2022

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметі өкілдерінің кездесуінде тараптар соңғы кезде шекара маңында түрлі оқиғалардың жиілеп кеткеніне көңіл бөлді.

Бұл туралы шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Мекеме мәліметінше, екі елдің шекара қызметінің басшылары 12 наурызда Тәжікстанның Исфара ауданындағы «Гулистон»өткізу бекетінде кездескен.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар төтенше оқиғалардың алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қару қолданбау, бірқатар проблемаларды облыс басшылары деңгейінде шешуге келіскен.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны белгілеу келіссөздері 2002 жылы басталған. Содан бері шекара сызығының 60 пайызы белгіленген.

Соңғы жылдары қырғыз-тәжік шекарасы аймағында қарулы қақтығыстар жиілеп кетті.

Источник

Exit mobile version