Site icon KAZAKBOL

Тәжікстан мен Өзбекстан делегациялары Душанбеде шекара мәселелерін талқылады

Тәжік-өзбек шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы Душанбеде өтті. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жұмыс тобы шекара мәселелерін 10-16 сәуір аралығында талқылаған.

Министрлік мәліметінше, келіссөздер барысында тәжік-өзбек мемлекеттік шекарасының демаркациялау сызығы жобасының мәселелері сөз болған. Жиналыс қорытындысында хаттама қабылданған.

Жұмыс тобының кезекті кездесуі Өзбекстан аумағында өтеді. Комиссия отырысы өтетін күн әлі хабарланған жоқ.

Тәжікстан мен Өзбекстанның ортақ шекарасы 1300 шақырымнан асады, соның басым бөлігі — шамамен 90 пайызы шегенделген. Тәжікстан мен Өзбекстан арасында 16 шекара бақылау-өткізу бекеті бар.

Источник

Exit mobile version