Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда қайтыс болған террористердің денесі туыстарына берілмейді

Тәжікстан үкіметінің шешіміне сәйкес, теракт кезінде немесе арнайы операция кезінде қайтыс болған террористердің денесі туыстарына берілмейді.

Құжат 28 сәуірде қабылданып, әділет министрлігінде 5 мамырда тіркелді. Оған сәйкес, террористердің денесі тергеушілер көрсеткен жерде ғана жерленеді, әрі бұл жерді тергеушілерден басқа ешкім білмеуі тиіс.

Тіркеу кітабында олар жайлы мәлімет жазылмайды. Тек дәрігердің қашан, қалай өлгені жайлы мәліметі көрсетіледі.

Тәжікстан билігі осыған дейін арнайы операция кезінде өлтірілген адамдардың денесін туыстарына беруге рұқсат етіп келген. Тек жерлеу рәсіміне өте аз адам қатыстырылып, құқық қорғау органдары тарапынан бақылауға алынған. Тек 2010 жылы арнайы операция кезінде қайтыс болған Аловуддин Давлатов пен Али Бедакидің денесі туыстарына берілмеген.

Источник

Exit mobile version