Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда 18 «салафитті» соттап жатыр. Күдіктілер азаптан құтылу үшін жалған куәлік бергенін айтты

Вход в здание суда Бободжон Гафуровского района

Тәжікстандағы Соғды облысының Бободжон Гафуров аудынның соты Салафия қозғалысына қатысы бар деген күдікпен ұсталған 18 адамның үстінен қозғалған істі қарай бастады.

Сот Худжанд қаласындағы №2 тергеу изоляторында жабық өтіп жатыр.

Биыл ақпанда Соғды милициясы Хистеварз ауылының 18 тұрғынын ұстады. Оларға қылмыстық топқа қатысы бар деген айып тағылған.

Сотталушылардың аналары 10 маусымда билікке шағымдану үшін Душанбеге келді. Олар тағылған айыптар жалған дейді. Сонымен бірге аналар милиция ұсталғандарды азаптағанын айтты.

«Сотталушылардың туыстарының айтуынша, күдіктілер Салафияның қандай қозғалыс екенін де білмейді. Сотталушылардың бірі сотта азаптан құтылу үшін тағылған айыптарды мойындауға мәжбүр болғанын айтқан», — деді «Перспектива +» құқық қорғау ұйымының басшысы Ойнихол Бобоназарова.

Заңгердің айтуынша, ұсталған тұрғындарға адвокаттарды бес күннен кейін ғана жіберген. «Ұсталғандарды әуелі азаптап, мойындатып алғаннан кейін ғана адвокатпен кездесуге рұқсат берген», — дейді заңгер.

Азаттық радиосы тәжік қызметінің дереккөзінің айтуынша, сотта айыпталушылардың бәрі Салафия қозғалысына қатысы жоғын, азаптаудан құтылу үшін жалған куәлік беруге мәжбүр болғанын мәлімдеген. Олардың арасында бірінші топ мүгедегі бар. Оны сотқа туыстары күнде көтеріп алып келеді. Қалғандары қамауда отыр, дейді дереккөз.

2005 жылы тәжік билігі Салафия қозғалысын қауіпті деп атады, төрт жылдан соң Жоғарғы сот оны заңсыз деп таныды. Тәжікстанда бұл ұйымға қатысы барлар ұзақ мерзімге түрмеге қамалады.

Источник

Exit mobile version