Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда балаларға астыртын діни білім берушілерге қылмыстық жаза енгізіледі

Иллюстративное фото

Тәжікстан билігі заңсыз діни білім берумен айналысатындарға қатысты жазаны күшейтеді.

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары 6 қазанда Қылмыстық кодекске түзетулер жобасын мақұлдады. Енді заңсыз діни білім берумен айналысқандар үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Парламентке заң жобасын Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нусратулло Мирзоев таныстырды.

«Зерттеуге сәйкес, радикал топтар мен ұйымдарға қосылған жастардың 95 пайызы бастауыш білімді жекеменшік діни мектептерде алған», деді Мирзоев. Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары және биылғы тоғыз айда заңсыз діни білім беруге қатысты 1833 жағдай тіркелген.

2016 жылы Тәжікстанда жекеменшік діни мектептерге тыйым салынды. Шетелде діни білім алғысы келетіндер оны билікпен келісуі тиіс. Бұның алдында президент Эмомали Рахмон шетел медреселерінде оқығандар «молда емес, террорист болады» деп мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version