Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда «Комиссия 44-тің» бадахшандық екі мүшесі сотталды

Душанбе соты былтыр қарашада Таулы Бадахшан автоном облысында болған оқиғаларды зерттеу үшін құрылған «Комиссия 44-тің» екі мүшесі – Хужамри Пирназаров пен Шафтолу Бекдавлатовты 18 жылға бас бостандығынан айырды.

29 маусымда шығарылған бұл үкім бойынша, сот та, прокуратура да ешқандай пікір білдірмеді.

Таулы Бадахшандағы белсенділердің сөзінше, сотталғандар «заңсыз митинг ұйымдастырды» деп айыпталған. Мемлекеттік айыптаушы оларға 20 жыл сұраған.

Таулы Бадахшанда наразылықтар 14 мамырда басталған. Хорог халқы аймақ басшыларын қызметтен алуды, Бадахшан тұрғындарын қудалауды доғаруды, қараша оқиғасын әділ тергеуді, қамаудағы саяси тұтқындарды босатуды талап еткен.

16 мамырда билік Хорог қаласындағы наразыларды басып-жаншып, қосымша күш жіберген. Ертеңінде Рушан ауданының тұрғындары Таулы Бадахшан автономиялы облысы мен ел астанасы — Душанбені жалғайтын жалғыз жолды жапқан.

Ресми мәлімет бойынша, Хорог қаласы мен Рушан ауданындағы операция кезінде 16 адам қаза тауып, екі жүзден астам адам ұсталған.

Источник

Exit mobile version