Хатлон облысына қарайтын Жайхун ауданында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың туыстары милиция қызметкерлері оларды қинау арқылы, өздері жасамаған қылмысты мойнына алуға әрекет жасап жатыр дейді.
12 маусымда Жайхун ауданы Таргок ауылында жергілікті тұрғын үш баласымен өлтірілген. Үйдің анасы және 11 жастағы баласы аман қалған. Олар әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қылмыстық ізді жасыру мақсатында үй өртелген.
Кісі өлтіру айыбымен жергілікті түрғындар Махмадгаюр Хабибуллоев пен Киёмуддин Насриддинов ұсталды. Қылмыстың себептері айтылған емес.
Киёмиддин Насриддиновтің әйелі Адолат Шерматова күйеуімен екі рет кездескенін айтады.
«Оның мұрны сынған, беті көгала болған, денесінде азаптау іздері бар. Киёмиддин ешкімді өлтірмегенін айтып жатыр», — деді ол.
Тағы бір күдікті Махмадгаюр Хабибуллоевтың анасы Кумри Хайбуллоева болса қаржысы болмағандықтан адвокат жалдай алмай отырғанын айтады.
«Ұлыммен бір рет кездестім. Мен сұрағыма ол «ешнәрсе демеңіз, сіз кеткеннен кейін мені қайта сабайды деді», — дейді.
Жайхун аудандық ішкі істер бөлімінің атын атағысы келмеген қызметкері милиция күдіктілерді азаптап жатыр деген мәліметті теріске шығарды.
Осыған дейін Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода арнайы құрылған комиссияның ісін сынап, отбасы мүшелерін өлтіргендерді тез арада табуға тапсырма берген.
Қайғылы оқиға тәжік қоғамында наразылық туғызған.