Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда тағы екі мемлекеттік орган терроризммен күреседі

Депутаты Маджлиси намояндагон, нижней палаты парламента Таджикистана

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары сәрсенбіде «Терроризммен күрес туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатта Бас прокуратура мен Есірткі саудасымен күрес жөніндегі агенттігі де терроризммен күресетіні айтылған.

Тәжікстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Қаржы полициясы, Ұлттық ұлан және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі терроризммен күрес жүргізеді.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет министрінің орынбасары Шараф Каримзоданың айтуынша, бас прокуратура бұған дейін терроризммен күресу тікелей міндетіне кірмейтін орган болған.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі былтыр елде террористік, экстремистік ұйымдардың 270-тен аса мүшесі мен жақтасы ұсталғанын хабарлады. Бұған қоса, 2071 адамға іздеу жарияланып, солардың 1973-і ұсталған.

Халықаралық ұйымдар Тәжікстан билігін терроризммен күресті желеу етіп, билікті сынаушыларды қудалады деп айыптаған. Ресми Душанбе ел қауіпсіздігі үшін әрекет ететінін мәлімдеген.

Exit mobile version