Site icon KAZAKBOL

Тәжікстанда жас жауынгерлерді ұрып-соққан әскерилерге қатысты сот отырысы басталды (видео)

Тәжікстанның Жоғарғы соты әскер қатарына жаңадан қосылған жауынгерлерді ұрып-соққан алты сарбаз бен офицерге қатысты істі қарай бастады.

Бір ай бұрын жас жауынгерлерді ұрып-соғып жатқан видео әлеуметтік желілерге тарап, қоғам наразылығын туғызған.

Озоди радиосының дереккөзі хабарлағандай, Тәжікстанның Жоғарғы сотының әскери алқасы 23 мамырда бұл істі қарауды бастаған. Көшпелі сот отырысы Хожент әскери сотында өтпек.

Оқиға 2022 жылдың соңында әскерге шақыру науқаны кезінде орын алған. Тәжікстан үкіметінің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жіберген баяндамасында 2019-2021 жылдар аралығында әскерде 100 сарбаздың қаза тапқаны айтылған.

Источник

Exit mobile version