Site icon KAZAKBOL

Түркімен президентінің немере інілерінің Дубайда 16 пәтері бар

Иллюстративное фото

Тәуелсіз түркімен басылымдары «Пандора құжаттарының» файлдарынан Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовтің немере інілерінің мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін карбамид экспортына қатысы барын анықтады.

Зерттеуді Turkmen.news пен Gundogar түркімен басылымдары Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу жөніндегі жобамен (OCCRP) бірге жүргізген.

— «Гарабогазкарбамид» зауытында шығарылатын минералды тыңайтқышты Шотландияда тіркелген күмәнді компания экспорттайды. Бұл зауытты салу үшін Түркіменстан үкіметі 1,16 миллиард доллар несие алды. Кәсіпорынды шын мәнінде президенттің немере інісі Қажымұрат Режепов басқарады, — делінген зерттеуде.

Тағы бір британ фирмасы ірі мемлекеттік кәсіпорындар өндірген мұнай және химия өнімдерін сатумен айналысады. Оған Қажымұраттың інісі Шамұраттың қатысы бар.

Зерттеу авторлары ағайындылардың жылжымайтын мүліктері туралы мәліметтер жариялады. Президент туыстары Дубай қаласынан 16 пәтер сатып алған. Қажымұраттың тоғыз, ал Шамұраттың жеті қымбат пәтері бар. Олардың бәрінің жалпы құны — 5,5 миллион доллар.

Источник

Exit mobile version