Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан 150 миллион доллардың несие келісіміне қол қойды

Порт в Туркменбаши

Халықаралық ислам сауда және қаржы корпорациясы (ITFC) түркімен үкіметімен үш жылға 150 миллион доллар несие беру жөніндегі келісімге отырды, деп хабарлады TradeArabia.

Құжат аса қажетті тауарлар импортын, ауыл шаруашылығы мен мақта-мата өндірісін қолдау, жекеменшік секторды қаржыландыру, Түркіменстан аймақтарына қаржылай көмек беру және сауданы дамытуды қарастырады.

Келісімге қол қою салтанатына Халықаралық ислам сауда және қаржы корпорациясының бас директоры Хани Сәлем Сонбол мен Түркіменстан сыртқы экономикалық байланыс банкінің төрағасы Рахымберді Жепбаров қатысты.

Түркіменстан Халықаралық ислам сауда және қаржы корпорациясына мүшелікке алынды. Ашғабат осындай өтінішті биыл қыркүйекте берген.

Orient басылымының хабарлауынша, Ислам даму банкі жақында Түркіменстанға 90,15 миллион доллар грант берген. Қаражат теңіз тасымалы жүйесін жетілдіруге жұмсалады.

Источник

Exit mobile version