Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан президентінің ұлы басқаратын аймақ мақта жоспарын бірінші орындады

Туркменские старейшины благословляют сбор хлопка (архивное фото)

Түркіменстан президентінің ұлы басқаратын Ахал уәлаяты мақта жинау бойынша мемлекеттік жоспарды бірінші орындады. Бұл туралы Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасы 4 қарашада президент Гурбангұлы Бердымұхамедовтің үкімет отырысында Ахал уәлаятының басшысы Сердар Бердымұхамедовтің мақта науқанына қатысты есебін тыңдағанын көрсетті.

Биыл елде мақта бітік шықпады. Соған қарамастан президент ұлы қайткен күнде де мақта жоспарын орындауы керек еді дейді дереккөз.

Қазан айының соңында ​Turkmen.news басылымы Ахал және Мары уәлаяттарында мақта жоспары бар болғаны 40 пайызға орындалғанын хабарлаған. Тамыз айында жоғары лауазымды шенеуніктерге Ахал уәлаяты мақта жоспарын бірінші орындауына көмектесуді тапсырған. Соған байланысты басқа да аймақтардың тұрғындары мақта теруге Ахал уәлаятына аттанған.процентов.

Еске салайық, астақ жинау жоспарын да биыл Ахал уәлаяты бірінші аяқтаған. Дереккөз мәліметіне қарағанда, жоспарды толтыру үшін астық бұл өңірге Мары, Лебап және Балқан уәлаяттарынан тасылған.

37 жастағы Сердар Бердымұхамедов — Түркіменстан президентінің жалғыз ұлы. Бес ай бұрын ол Ахал уәлаятына басшылыққа тағайындалған.

centralasian.org

Exit mobile version