Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан: шетелге ақша аударуда тағы қиындық туды

Түркіменстанда ақша аударуда тағы проблема туындады. Ресейде оқитын студенттер ай басынан бері Түркіменстаннан ақша ала алмай келеді.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, қазір банктер студенттер құжаттарының түп нұсқасын талап етіп жатыр.

«Банктер, атап айтқанда “Сенагат” банкі студенттерден туу туралы куәлік пен түрімен төлқұжатын көрсетуді талап етіп жатыр. Онсыз ақша аударуға және конвертациялауға болмайды», — деді тілші.

Түркіменстанда Орталық банктің бағамы бойынша ақшаны конвертациялауға болады. Бірақ оның бағамы базардағы бағамнан бірнеше есеге төмен.

Ата-аналар, Ресей, Беларусь, Түркия және Қазақстанда оқыған балаларына айына 50 доллардан ғана жібере алады.

Түркіменстанда ақша аудару бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан проблемалардың бірі.

Источник

Exit mobile version