Site icon KAZAKBOL

Түркіменстан тәжік тауарларының танзитіне рұқсат берді

Ашғабад қыркүйектен бастап тәжік және басқа елдердің тауарларын Түркіменстан темір жолы арқылы алып өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Тәжікстанның көлік министрлігі хабарлады.

Түркіменстан билігі 2018 жылдан бері тәжік тауарларының өз аймағынан өтуіне рұқсат бермей келген. Тәжікстан мен Иранның түркімен аймағы арқылы көлік жолы байланысы Ашғабадтың түсініксіз шешімінен кейін тоқтап қалған.

Душанбе Таяу шығыс өлкелеріне шығу үшін қазірге дейін альтернативті екі жолды қолданады: Тауарлар Өзбекстан, Қазақстан, одан кейін Каспий арқылы кемемен Әзербайжан, Иран және Түркияға; Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Грузия, одан әрі Түркияға барады.

Баламалы жолдар Түркіменстан аумағы арқылы өтетін маршруттан 2-3 есеге ұзақ.

Мәліметке қарағандан, Ашғабад темір жол тауарларының транзиті үшін Душанбеге 40 пайызға жеңілдік берген.

Источник

Exit mobile version