Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда бірқатар косметикалық қызмет түрлеріне тыйым салынды

Полицейский контроль. Туркменистан (иллюстративное фото)

Мары облысы Байрамали қаласында құқық қорғау органдары сұлулық салондарын аралап, әйелдер мен қыз-келіншектерге бірқатар косметикалық қызмет түрлеріне тыйым салынғанын ескертіп жүр.

«Құқық қорғау органдарының өкілдері беттегі әжімдерді жазатын ботокс салдыруға, кірпік жалғауға, ерінді үлкейтуге және жасанды тырнақ жапсыруға тыйым салынғанын айтты»,- дейді сұлулық салонының қызметкері Азатлык тілшісіне.

Егер көшеде аталған қызмет түрлерін жасатқан қыз-келіншектерді кездестіретін болса, оларға 300–500 манат көлемінде айыппұл салмақ. Ал сұлулық салоны қызметкерлеріне 500–1000 манат көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

«Сердар Бердымұхамедов президент болғаннан кейін, карантин талаптарын жеңілдетті. Содан кейін барып, біз жұмысқа шыға бастадық. Енді біздің жұмысқа шектеу қойса, әрі қарай қалай күн көреміз?»,- дейді сұлулық салонының шебері.

Былтыр Лебап өңірінде шалбар киген, тар көйлек киген, шаштарын сарыға бояған қыздарды ұстап, ескерту жасаған.

Источник

Exit mobile version