Site icon KAZAKBOL

Түркіменстанда иесіз иттердің көзін жою науқаны балалардың көзінше орын алған (видео)

Иллюстративное фото

Түркіменстанда иесіз иттерді аулап, оларды өлтіру жария түрде жүріп жатыр. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Азаттыққа хабарлаған куәгерлердің айтуынша, Түркіменабад қаласының 3-шағын ауданында тұрғындардың көзінше, иттерді улаған. Олардың арасында иесі бар үй жануарлары да болған.

Тұрғындар Азаттыққа видео көріністерді де жіберген.

«Хроника Туркменистана» басылымының хабарлауынша, 6-7 наурызда Түркіменабад қаласында аулада ойнап жүрген балалардың көзінше, 15 иттің көзін жойған.

Былтыр Түркіменстан жануарларға қатыгездік көрсетуге тыйым салатын заң қабылдаған.

Источник

Exit mobile version